СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ КҮНІ — Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің мектебі.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІМЕН қатарлас келген «Соңғы қоңырау» мерекесі өз мәнінде өтті! Егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің ең маңызды құндылықтары — еліміздің Туы, Елтаңбасы және Гимні. 2020 жылдың түлектері қуатты да беделді мемлекетімізді өркендету жолында міндетті түрде жаңа жетістіктерге қол жеткізеді.

Мереке ерекше форматта өтті. Пандемия біздің өмірімізге көп өзгерістер әкелді. Десек те бүгін міне мектеп өміріндегі ең маңызды,ең салтанатты, көп күттіріп, көп үміттендірген күн де келіп туды. Бүгін 2020 жылдың 4 маусымында мектеп ауласының территориясында таза ауада жалпы орта білім беру туралы аттестаттар салтанатты түрде мектеп түлектеріне табысталды. Ең керемет, ең талантты, ең сүйікті түлектеріміз үшін СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ соғылды. Аттестаттарды табыстау рәсімі санитарлық ережелерді қатаң сақтау тәртібімен өткізілді. Күн шуағы төгілген ашық аспан, биікте самғаған қарлығаштар, айналаның бәрі әдемі безендірілген, ата-аналардың мәз-мейрам көңілдері, сүйікті ұстаздар мен жүздері бал-бұл жайнаған бақытты түлектеріміз- осының бәрі мектеп өмірінің сәтті тәмамдалуының куәсі, ересектер өміріне басқан нық кадамның айқын бейнесі.

Шашубай кентінің әкімі Исабеков Даниял Әуезович шын жүректен түлектерді құттықтай отырып, оларға мектептің ИГІ ІСТЕР жасау дәстүрін әрі қарай өмірлерінде жалғастырып, мұғалімдері мен ата-аналарының үміттерін ақтауды тіледі. Даниял Әуезович Джамбулова Динараға «Алтын белгіні» табыс етті.

Келешекке қадам басқан түлектер өздерімен бірге ата-аналарының ақ батасы мен сүйікті сынып жетекшілері 11″А» сыныбының жетекшісі ШАКИРБЕКОВ Даулет Танирбергеновичтің және 11″Б» сыныбының жетекшісі Айнекова Асель Сембаевнаның жүрекке жігер берер сөздерін ала кетеді. Балалардың әрқайсына барлық педагогтер өздерінің жүрек жылуын аямай төгіп, өмірде тиесілі орнын табу үшін аянбай еңбек етті.

Осындай Балалықпен қоштасудың сәтінде оқушылар мұғалімдерінен естелікке дистанционды «Соңғы қоңырау» жазылған СD дискілерін және жылдағы дәстүрге сәйкес ең жылы лебіздер жазылған «педагогикалық жүрекшелерді» сыйға алды.

Мерекенің шарықтау шегі оқушылар мен педагогтердің бірігіп айтқан әні болды. Бұл әнде туған мектебі мен мұғалімдеріне деген шексіз алғыс, ұмытылмас мектеп күндері туралы түлектердің жүрекжарды сыры шырқалды.

Мектеппен қоштасу рәсімі ретінде балалар аспанға шарлар ұшырды.

Ақжол сендерге, қымбатты түлектер! Өмірлерің қызық пен қуанышқа толы болсын. Қадамдарың нық болсын, алдарыңа биік мақсаттар қойып, жетістікті болыңдар! Өздеріңді үнемі жетілдіре отырып, жаңашылдыққа ұмтылыңдар! Туған мектептерің сендерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын!

——##——##——##——

Добрый день, любимая страна!

ДЕНЬ ПОСЛЕДНЕГО ЗВОНКА — школа посёлка Шашубай Актогайского района.

Символично и значимо прошёл праздник «Последнего звонка» в ДЕНЬ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ! Герб, Флаг и Гимн олицетворяют высшие ценности Независимого государства Республики Казахстан. Выпускники 2020 года обязательно добьются новых побед на пути строительства сильного и авторитетного государства.

Праздник прошел в необычном формате. Пандемия внесла серьезные изменения в нашу жизнь. Несмотря ни на что, настал самый торжественный, самый важный, самый долгожданный и трогательный день в школьной жизни. Сегодня, 4 июня 2020 года на пришкольной территории на чистом открытом воздухе были торжественно вручены аттестаты об общем среднем образовании. Прозвенел ПОСЛЕДНИЙ ЗВОНОК для самых замечательных, талантливых и любимых выпускников. Церемония вручения аттестатов проходила со строгим соблюдением санитарных норм. Ласточки в небе и солнечные лучи, красивое оформление и сияющие лица родителей, любимые учителя и красивые, счастливые, полные надежд выпускники – все это стало ярким примером успешного завершения школьной жизни и уверенного шага во взрослую жизнь.

Аким посёлка Шашубай Исбеков Даниял Ауэзович искренне поздравил выпускников, пожелав им в дальнейшей жизни продолжать школьные традиции ДОБРЫХ ДЕЛ, помнить и быть благодарными учителям и родителям. Даниял Ауэзович
вручил Знак «Алтын белгі» Джамбуловой Динаре.

Отправляясь во взрослую жизнь, ребята возьмут с собой благословение своих родителей и, конечно, вдохновляющие слова любимых классных руководителей 11″А» класса Даулета Танирбергеновича Шакирбекова и 11″Б» класса Асель Сембаевны Айнековой. Ведь в каждого ребенка всеми педагогами были вложены частички души и сердца для успешной востребованности жизнью.

В такой радостный и немного грустный день прощания с Детством – ребята получили в подарок от своих учителей памятные CD диски с записью дистанционного «Последнего звонка» и согласно давней традиции «педагогические сердца» с наилучшими пожеланиями.

Кульминацией праздника стала совместно исполненная песня выпускников и педагогов, в которой прозвучала благодарность к родной школе и учителям за незабываемые школьные годы и приобретенные знания.

В знак прощания со школой ребята выпустили в небо воздушные шарики.

В добрый путь, дорогие выпускники! Пусть ваша жизнь будет веселой и звонкой, как школьный звонок, который прозвенел сегодня для вас. Уверенно шагайте по жизни, не бойтесь ставить перед собой самые дерзкие и амбиционные цели, работайте над собой, совершенствуйтесь, стремитесь к новым познаниям, будьте успешными! А родная школа всегда и во всем вас поддержит!

Опубликовано Айман Тукбаевой Четверг, 4 июня 2020 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »