Бүгін, 1 маусым елімізде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде.

Бүгін, 1 маусым елімізде халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде.

Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам.
Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды шын жүректен құттықтаймыз! Шашубай мектебі ұжымы барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейді.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дейді қазақ, сол себептіде балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында.
Заманына қарай бала тәрбиесінде, дамуында ата-анамен қатар мектепегі ұстаздармен тығыз байланысты.
Бұл жағдайда мектеп толықтай балаларға өзінің дамуына, өзін жаңа қырдан ашуына мүмкіндіктер жасауы керек.
Қазіргі таңда Шашубай мектебінде осы сұрақтарды толығымен қаму мақсатында түрлі үйірмелер мен іш –шаралар қолға алынған:
— «Алау» пікірсайыс клубы- мектеп оқушылары арасында топ бастаушылық қа, сөз саптау өнерінің, әр кезде өз ойын ашық айта алу т.с.с. қасиеттердің дамуына септігін тигізуге мүмкіндік береді. Жетекшілері: Мағза Б.Б.;Түсіпбек Қ.Е.; Бейсембай С.С.;
— «Шуақ», «Әсем-ай» вокалдық ән және хор топтары- әр баланың әнші болсам деген арманы болары сөзсіз, осы себепті балалардың өнерінің дамуында бұл вокалдық үйірмелердің септігі сөзсіз. Жетекшілері: Тусупбекова Р.И.; Есенгелді Е.Е.; Қалибеков Ө.С.;
— «Томирис» би ансамблі- мың бұралған бишілеріміз бүгінде бірнеше облыстық, халықаралық жарыстардың гранд-при жүлдегері.Жетекшісі: Кидралинова Е.
— «Домбыра» үйірмесі- нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра демекші, ұлттық қасиетті дарытудың бірден бір жолы ол ұлттық аспап оған еш сөз жоқ деп ойлаймын, сол себептен мектебімізде бұл үйірменің үлесі зор. Жетекшісі: Мухамедкалиева Қ.М.
— «Ұлттық ойындар» және үйірмесі- тағыда бір ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған үйірме, әр-түрлі ұлттық спорттық ойындарды жинақтаған. Жетекшілері: Шакирбеков Д.Т.; Смагулов Е.Е.
— «Тарихи жаңғыру» — ежелгі және орта ғасырлардағы көшпелі халықтардың әскери өнері мен соғысу тактикасын, сонымен қатар жауынгерлердің қолданған шабуыл қарулары мен қорғаныс жарақтарын тарихи реконструкциялау мәселелерін қарастырады. Координаторы: тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бейсембай Сұңғат Сағынайұлы;
-«Ұлы Дала тарихи» — Еуразия құрлығындағы өркениеттердің мәдени сабақтастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарттары, қазақ халқының этногенезі, ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары, әскери өнердің қалыптасуы мен даму эволюциясы және Ұлы даланың ұлы тұлғалары туралы мәселелерді қамтиды. Зертхана координаторы – тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Түсіпбек Қуаныш Есімханұлы.
— «Туған елге тағзым» – 2012 жылдан бері НЗМ-нің
бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан жоба. Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған. Координаттор : Мағза Б. Б.
— «Робототехники» — әлемде қазіргі таңда озық ел ол технологиясы жоғары дамыған мемлекет, сол себепті жас ұрпақты робот құрастыру технологиясымен машықтандыруымыз керек. Жетекші: Бөкен Н. Е.
«Ізгі — ниет» еріктілер тобы — мектеп ұжымының жас мұғалімдерінен өздерінен кейінгі жас ұрпаққа саналы ой салу үшін біріккен. Бүгінгі таңда еріктілер тобы кенттің тұрғындары арасында игі істерімен жәрдем көрсетуде.
Мектеп ішінде жасалып жатқан игі істер мен іс-шаралардың барлығы балалар үшін. Себебі бүгінгі оқушы ертеңгі ел тағдырына араласушы азаматтар, біздің болашағымыз.
Балаларды қорғау күні құтты болсын!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »