«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» онлайн сынып сағаттары.

«СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»
он-лайн сынып сағаттары.

Бүгінгі шуақты көктем күні БАЛАЛАР ӘЛЕМІНЕ жағымды көңіл-күйді молынан сыйлады!
Мектептің 1-10- сынып аралығында жаппай «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» он-лайн сынып сағаттары өтті. 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен оқушылар мен педагогтерді, ата-аналар мен қауымдастықты еліміздің бірінші басшылары құттықтады.

ҚР Президенті Қ.К.ТОҚАЕВ «өскелең ұрпаққа білімнің терең әлемін сыйлайтын педагогтерді сіңірген еңбектері үшін» алғысын білдірді.

ҚР Білім және ғылым Министрі А.К.АЙМАҒАМБЕТОВ жаңа жағдайдың шартында жақсы нәтиже көрсете білген педагогтер мен оқушыларды, олардың ата-аналарын нағыз ержүрек батырлар деп атады.

Қарағанды облысының әкімі Ж.М.ҚАСЫМБЕК пандемия кезіндегі өмірдің аса күрделі уақытында оқушылар білімдерін шыңдай түскенін және келешекте қалауларына сай өмірден өз орындарын табатынына сенімін білдірді.

Ақтоғай ауданының әкімі С.М.АБЕУОВА 17 ауылдық округтің барлық мұғалімдерін, оқушылары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтай отырып, көзделген мақсаттарға жету үшін оқушыларға туған мектебі беретін терең білімнің қажет екенін атап өтті.

Облысымыздың Білім беру басқармасының бастығы Е.Н.ИМАНҒАЛИЕВ музыкалық құттықтау жолдай отырып, соңғы қоңыраудың адам өмірінде орны бөлек болатынын айтты.

Шашубай кенті мектебінің он-лайн сынып сағаттарына 600-ден астам оқушылар мен ата-аналар, педагогтер қатысты. Өзімнің бейнеүндеуімде мен барлық педагогтерді, оқушылар мен ата-аналарды біріге отырып, ҮЛКЕН ШАШУБАЙЛЫҚ ОТБАСЫ болып, өміріміздегі жаңа кезеңнен мүдірмей өткеніміз үшін, қашықтықтан оқытудың ерекше форматында өз іскерлігімізді арттыра білгеніміз үшін алғысымды білдірдім. Біз қайта құрылып, барлығын жеңе білдік! Мемлекетіміз аз уақыттың ішінде ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ БАЛАЛАРЫ үшін, қала мектептерінен бастап шалғайдағы ауыл мектептерінде барлық жағдайды жасап берді. Оқушылар үлкен құштарлық пен қызығушылық танытты. Ата-аналар мұғалімдердің айнымас серіктесіне, балалар үшін сенімді тірегіне айналды.
ӨЗІНДІК ЖАУАПКЕРШІЛІК, ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ, ӨЗІНДІК ТӘРТІП жетістіктерге жетелейді. Біз мүдірмей оқу жылын аяқтай алдық! Біз, мұғалімдер қауымы, салиқалы ұрпақ өсіп келе жатқанына сенімдіміз. МЕЙІРІМДІЛІК пен МАХАББАТТЫҢ, АДАЛДЫҚ пен ӘДІЛДІКТІҢ, БАТЫЛДЫҚ пен САБЫРЛЫЛЫҚ ТЫҢ тренді ӨМІРДЕ тек жетістіктерге әкеледі.

Шашубай кенті мектебі түлектерінің жетістіктері тұрақты, жылдан-жылға ӨМІРДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ сәйкес тұрақты ЖЕТІСТІКТЕР айналымын арттыруда.

Он-лайн сынып сағаттарына өткен жылдардың түлектері қатысты.

Біздің түлегіміз КЫРЫКБАЕВ АРМАН. Бұл «Халықаралық қатынастар» факультетіне оқуға түскен алғашқы түлегіміз еді, ол ТМД және Орта Азия елдерінің елшіліктерінде дипломатиялық қызметкер болып, Ақпараттандыру және байланыс Министірлігінің Вице-министрі болып, Қарағанды облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінде қызмет атқарды. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ. Арман Оразбаевич өзінің туған мектебіне құттықтау хатын жолдады, Нұр-Сұлтан қ.

Біздің түлегіміз КИЗДАРБЕКОВА АНТОНИНАНЫ (Асылбекова) Қарағанды қаласының Е.БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІН ДЕКАНЫ болып, жұмыс істейді.

Біздің түлегіміз АКБЕРГЕНОВ РАШИД- ВИРУСОЛОГ ҒАЛЫМ, биологиялық ғылымдар докторы, Швейцарияның Базель қаласында рибосомаларды зерттеу лабораториясының ғылыми қызметкері.

Біздің түлегіміз КИМ ИРИНА- Қарағанды қаласының Пришахтинск қаласында ЖЕКЕ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ.

Біздің түлегіміз КОЖАБАЕВ ЖАНБОЛАТ «Криминалист тергеуші» мамандығы бойынша ҚР ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін, Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы және несие» факультетін үздік тәмамдады. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ қызметін атқаруда. Лауазымы ПОЛКОВНИК.

Біздің түлегіміз
МУСТАФИН ЕРЛАН СЕЙТБЕКОВИЧ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САНАТТАҒЫ БИЗНЕС ТРЕНЕР, психолог, Нұр-Сұлтан қаласында ғылыми қызметкер.

Біздің түлегіміз
ШАКИРБЕКОВА НАЗГҮЛ Казпотребсоюздың Қарағанды экономикалық университетін, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Магистратурасын, Астана қаласының Ресей — Қазақстан университетін үздік бітірді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ БАС ЭКСПЕРТІ болып қызмет атқарды.

Біздің түлегіміз
НҰРБЕК ҚҰРАЛАЙ. Қарағанды облысы бойынша ауылдық мектептер ішінен алғашқы болып «АЛТЫН БЕЛГІ» иеленген түлек. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Италия университетін, ЕҚЫҰ-ң Магистратурасын үздік аяқтады — ортаазиялық елдер ішінде тұңғыш қыз бала. Бүгінгі таңда ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНДА қызмет атқарды.

Біздің түлегіміз
АККОЖИНА АЙСАУЛЕ Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Болгария және Франция университеттерін тәмамдады. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЦИЯ ЕЛШІЛІГІНДЕ ӘСКЕРИ МИССИЯНЫҢ ЭКСПЕРТ АУДАРМАШЫСЫБес тілді меңгерген.

Біздің түлегіміз
ҚЫЗЫРОВ ҒАБИТ. АКТЕРЛІК мамандығын таңдаған тұңғыш және жалғыз түлегіміз. Алматы қаласының Ж.Елебеков атындағы республикалық «Эстрада және цирк» колледжін «Актер» мамандығы бойынша бітірді.
ІЛИЯС ОМАРОВ атындағы ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА АКТЕР болып жұмыс істейді.

Барлық өткен жылдар түлектеріне ТУҒАН АУЫЛДЫҚ МЕКТЕБІНЕ деген махаббаты үшін, АУЫЛДЫҚ ҰСТЗДАРЫНА деген адалдықтары үшін, өмірдегі қол жеткізген жетістіктері мен МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ақталған үміттері үшін рахметімізді айтамыз!!!
Көп берсең, қайтарымы да көп болады.
Өмірдің өзі қайырымые береді. Оқушыларына жүрек жылуын аямаған, бар күш-жігерін беріп, терін төккен мұғалімдерге қайтып оралған алғыс — ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН АДАМДАР, біздің ауылдық шашубайлық мектеп түлектері.
Қымбатты балалар, алдарыңа ұзақмерзімді биік мақсаттар қойыңдар. Асқақ арман мен биік мақсат кез келген қиындықтарды жеңіп шығуға көмектеседі. Туғандарың мен жақындарыңа қамқорлық танытыңдар. Өз идеяларыңды барша әлемге паш етіңдер. Жетістікке жетудің дара идеяларын дамытыңдар, айрықша нәтижелердің көп күттірмесі анық. Сәттілік пен жетістік қасыңыздан табылады!
Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің туған мектебі әрқашан сендермен бірге!

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.
На изображении может находиться: 1 человек, текст

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Вторник, 26 мая 2020 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »