ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ – САЛАУАТТЫ ӨМІР МЕН ЖЕТІСТІКТІҢ КЕПІЛІ.

БIЗ БIРГЕМIЗ!

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ – САЛАУАТТЫ ӨМІР МЕН ЖЕТІСТІКТІҢ КЕПІЛІ.

«Тәні саудың – жаны сау» — бәріне жақсы таныс нақыл сөз, әсіресе, заманауи қоғамда аса өзекті. Ақтоғай ауданының Шашубай кенті мектебінде спорт балалар мен жасөспірімдердің өмірінде ерекше орын алады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Шакирбеков Даулет Танирбергенович, Ильичева Людмила Игоревна, Смагулов Ербол Ермекович пен Қайпыш Хамит Рақышұлы СПОРТ тек дененің бекемдігі мен үйлесімді даму үшін ғана емес, тәртіпке бағыну қасиеттерін қалыптастыру үшін де аса қажет. Спорт балалардың бойында ЕРІКТІК, ТАБАНДЫЛЫҚ, САБЫРЛЫҚ сияқты қасиеттерді тәрбиелейді. Балалық шақтан бойға сіңген бұл қасиеттер адамға өскенде арқау болып, өмірлік нормасына айналады.
Спортпен айналысатын адамдардың жетістіктерге әлдеқайда көбірек қол жеткізетіні бұрыннна белгілі. Бұл деректі үш себеппен айқындауға болады:

1. ДЕНСАУЛЫҚ.
Спорт денсаулықты шынықтырып, нығайтады. Спортпен айналысатын адамдардың кез келген салада жұмыс істеуге аса қажет күші мен энергиясы көп болады.

2. ЕРIК ҚАСИЕТТЕРI.
Алдында айтқанымыздай, спорт адамды тәрбиелейді. Ол адамды ынта мен жігерге үйретеді.

3. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПIЛIС.
Дене шынықтыру – бұл күйзеліспен күресудің тиімді құралы. Әлбетте, адамдар жағымсыз эмоцияларды өз ішінде сақтауға жақын, ал спортпен айналысатын қауым жиналып қалған жағымсыз эмоцияны қайда жіберуді қашанда біледі. Бұл психикалық денсаулықты қорғайды, күйзелістер мен дағдарыстарға төтеп беру тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өнімді шешімдер қабылдауға ықпалдасады.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ ПАЙДАСЫ өсіп келе жатқан оқушы ағзасы үшін орасан зор. Дене шынықтыру баланың жас денесінің тез қалыптасатын бұлшықет тіндерінің шынығуы үшін ғана емес, оның психологиялық тұрғыдан салмақты және мақсатты тұлға болып өсуі үшін қажет. Физикалық жеңіл жүктемелер бүкіл ағзаға кешенді түрде ықпал етеді:
-бұлшықет пен сіңірлердің, дене тіндерінің зат алмасу үрдістері белсендіріле түседі, бұл ревматизм, артроз, артрит және басқа да ағзаның қозғалыс функцияларының дегенеративтік өзгерістерін туғызатын аурулардың алдын алады;
— ағза тұтастай пайдалы заттармен және оттекпен қамтамасыз етіле отырып, қан-жүрек қызметі мен дем алу жүйесінің қызметі жақсара түседі;
— дене жаттығулары гармондардың түзілуіне көмектеседі, бұл зат алмасу жұмысын тұрақтандырады;
— мидың нейрорегуляторлық қызметі жақсарады.

Біз, шашубайлық педагогтер, барлығына оң бағыт береміз – ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ кез келген ересек адамның да, өскелең ұрпақтың да айнымас өмірлік серігіне айналуы тиіс. Өздерің спортпен шұғылданып, оған балаларды да байлыңдар! Дене шынықтыру – өмірдің «қозғаушы күші», ол бізді жетістіктерге жетелеп, қуат пен қуанышқа толы өмір сүруге, белсенді болуға жетелейді.

Опубликовано Даулетом Шакирбековым Воскресенье, 17 мая 2020 г.
Нет описания фото.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »