15 мамыр — Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ

15 мамыр — Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отан – отбасынан басталады деп жатамыз. Жанұяның береке бірлігі — әр сәбидің әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда көрсең ұшқанда соны ілесің деген нақыл сөз бар. Отбасы–шағын мемлекет. Осындай мемлекетті құруда мектеп пен отбасының ынтымақтастығы маңызды орын алады.

Мектебімізде «Отбасы мерекесіне» арнап мектеп психологтары А.С.Айнекова, Г.М. Жакышева, әлеуметтік педагог Д.А.Карипбаева «Отбасылық бақыт неден басталады» атты тақырыпта ата –аналарға кеңестер берді. Әлеуметтік педагог Д.А.Карипбаева ата -аналармен «ZOOM» бағдарламасы арқылы кездесу өткізді. Мектебіміздегі «Бақытты отбасы» жобасының жетекшілері Г.А. Мустафа және Г.М. Жакышева ата-аналармен онлайн режимінде қашықтықтан сайыстар өткізді. Ата-аналар «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында бейнероликтер мен асфальтта сурет салу көрмесін ұйымдастырды. Сайысқа 100 Жаңа Есім «Бақытты отбасының» барлық қатысушылары Шашубай Ресусртық мектебінен Маралы Нөкербеков, Айбат Мурасов, Сейфулла Ермағанбетов, Рахат Ербекеев, Ерслан Кенжебаев, Тасарал магниттік мектебінен Октябрь Ержанов, Ортадересін магниттік мектебінен Санат Үмбетовтердің отбасылары қатысты.

Онлайн режимінде атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы өсіп келе жатқан балғын бүлдіршіндеріміздің болашағына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Отбасы мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақыт, бейбітшілік, шаттық, зор денсаулық тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »