«Сарыарқа дарыны»

Қайырлы күн, жаны жайсаң, жайдарлы қазақ елім! Біз біргеміз! Біз үйдеміз!
Уақыт ең басты қазына. Әр минутымызды тиімді пайдалану бүгінгі заман талабы. Осы құндылығымызды бағалай білуге үйрету, әр күнін қайталанбастай мереке етіп өткізетін балалардың тәжірибесін алмастыру дәл қазіргі уақытта өте маңызды. Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми –практикалық орталығы «Менің тиімді бір күнім» атты мектеп оқушылары арасында қашықтық жобалар байқау өткізуді ұйымдастырған болатын. .Байқау төрт кезеңнен тұрады, 1 кезең –отбасы құндылығы; 2 кезең — зияткерлік дағдыларды дамыту және қолдана білу, 3 кезең — күнделікті қолданатын лайфхакпен бөлісу, 4 кезең-Ұлы жеңіске 75 жыл.
Байқау шарты бойынша 1 кезеңге қатысып, барлық шартты орындаған оқушылар келесі кезеңге өтетін болады. Осындай шартты толық орындап, Шашубай кентіндегі «МББК» базасындағы ТМ (РО) КММ оқушыларының ішінен бес оқушы финалға өтті.
Еліміздің ертеңі болашақ жастарымыздың қолында. Олар үшін ұйымдатырылып жатқан әрбір іс-шараның маңызы зор. Байқауға қатысқан 3″А» сыныбының оқушысы: Кәкім Бекмұратқа, жетекшісі: Есилбек Риза Толеугаликызына, 3«Б» сыныбының оқушысы: Даниярұлы Дейбітке, жетекшісі: Муртазина Ардак Тельжановнаға, 4 «А» сыныбының оқушысы: Қуанышбек Исламға, жетекшісі: Смагулова Бейбиткул Муптикызына, 4 «Б» сыныбының оқушысы Оразбай Айдарға, жетекшісі: Санақбек Ақнұр Санақбеккызына, 6 «А» сыныбының оқушысы: Сламова Эльнараға, жетекшісі: Ақбергенова Динара Жумагалиевнаға, байқауға қатысқан оқушыларымыздың ата-аналарына байқауға атсалысып, белсенділік танытқан үшін Шашубай кенті мектебінің ұстаздар ұжымы зор алғысын білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »