«Сарыарқа дарыны»

Қайырлы күн, жаны жайсаң, жайдарлы қазақ елім! Біз біргеміз! Біз үйдеміз!
Осындай қысылтаяң, төтенше шақта, елдің еңсесін көтеріп, жігерін жанып, рухын көтеріп, сыналар сәтте саптан табылған азаматтарға қолдау білдіру аса қажет шаруа. Осы орайда Шашубай кенті мектебінің кішкентай бүлдіршіндері де өз үлестерін қосуда. Мектебіміздің 1 жастан 6 жасқа дейінгі оқушылары мен ата-аналары қашықтықтан өткізіліп жатқан онлайн байқауға қатысты. Байқау «Сарыарқа дарыны» және Қарағанды облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 10-20 сәуір аралығында «Отбасылық күндер» атауымен 6 номинация бойынша өткізілді. Номинация атаулары төмендегідей:
-«Отбасылық құндылықтар». Бұл номинация балаға көрсетілетін дәстүрлер мен олардың мағынасын балаға терең түсіндіруді, баланы адамгершілік қасиеттеріне баулуды қамтиды;
-«Біздің қамал». Бала мен ата-ананың бірлесе жұмыс жасауына бағытталған номинацияда бала ата-анамен жұмыс істеудегі жеңілдік, тиімділікті түсінеді және баланың еркін сөйлеуіне бағытталған;
-«Кішкентай дәрігер». Баланың қиялына ерік беру арқылы ата-ана өзінің кішкентай дәрігерінің сенімді қолында бола алатындығын көреді;
-«Кішкентай аспаз». Баланы ата-анаға көмек көрсетуге, оның ішінде тағам әзірлеуге баулу;
-«Кішкентай стилист». Баланың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына бағытталған;
-«Қалдықтан кіріске». Ата-ана мен баланың фантазиясы арқылы кез келген заттан немесе қалдықтардан бірегей заттар жасауды көздейді.
Осындай байқауға атсалысып, белсенділік танытқан Қамытбай Кәусардың анасына, Мирхамедова Дильнозаның анасына, Комуртасова Айымның анасына, Жубаева Еркемнің анасына, Амирзина Алтынайдың әкесі мен анасына, Бейсенбай Кәусардың нағашы атасы мен анасына Шашубай кенті мектебінің ұстаздар ұжымы зор алғысын білдіреді.
Байқауға қатысуды ұйымдастырушы мектебіміздің аға тәлімгері Есімхан Маржанай Бауыржанқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »