«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» — ОТБАСЫМЕН КІТАП ОҚУ.

Қайырлы күн, сүйікті елім!

Біз біргеміз!

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» — ОТБАСЫМЕН КІТАП ОҚУ.

Біз кітап оқуға әр алуан себептермен ден саламыз, кейде ақпарат алу үшін, кейде жай ғана демалу үшін не болмаса танымдық әлемімізді кеңейту үшін. Оқу барысында тарих тұңғиығына шомып, әлемнің түкпір-түкпірін аралап кетеміз. Жақсы туынды – шынайы өмірмен парапар. Оқу шығармашылық ой-өрісіңді дамытып, ойлануға, сараптауға, салыстыруға үйретеді. Бұл қасиеттер өмірлік мәселелерді шешуде, отбасыңмен, әріптестермен, ересектермен, тіпті сыныптас құрбы-құрдастарыңмен, достарыңмен қарым-қатынас жасағанда дұрыс шешімдер қабылдау үшін аса маңызды. Оқу көптің ішінде даралануға, өзгешерек болуға көмектеседі.

Бүгінде, барлығымыз карантинде болған кезеңде, уақытты пайдалы да жағымды, яғни ОТБАСЫЛЫҚ КІТАП ОҚУМЕН өткізген өзекті.

«Альянс» ресурстық орталығының координаторы, Шашубай кенті мектебі директорының орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер маманы Б.К.Бегдербековамен он-лайн режимінде қашықтықтан «Бақытты отбасы» 100 жаңа есім» атты әлеуметтік жоба жалғасын табуда. Біз біргеміз!

ОТБАСЫЛЫҚ ОҚУҒА Шашубай кентінде Нокербековтер, Ермағанбетовтер, Есмұратовтар, Мұрасовтар отбасы, Ортадересін аулының Үмбетовтер отбасы және Тасарал ауылының Ержановтар отбасы үлкен көңіл бөлуде.

Кемеңгер Абай Құнанбаев шығармашылығында адам баласын оқуға, білім алуға, ғылым іздеуге, ғалымға үқсап бағуға шақырған. Оның қара сөздерінің соңғы 45-сөзі «… ғадаләт, махаббат, сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил» деп аяқталуында да бір ғанибет бар.

Опубликовано Айман Тукбаевой Среда, 22 апреля 2020 г.

Опубликовано Айман Тукбаевой Среда, 22 апреля 2020 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »