«Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын»

«Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын» деген шығыс ғұламасы Әл-Фараби.
Ұлы дала тарихын сан ғасырлық мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, Ұлт тарихының өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау, жастардың ұлт тарихына деген көзқарастарын қалыптастыру біздің бүгінгі таңдағы мақсат.
Осы орайда Шашубай кенті мектебінің 7 а, б, в сынып оқушылары 21.02.2020 ж. Балқаш қаласының мұражайына «Ежелгі металлургия» тақырыбында экскурсияға барды. Экскурсия барысында балаларға еліміздің тарихы, Ұлы дала территориясындағы ежелгі металлургияның және ортағасырлық еліміздің тарихи- мәдени этнографиясы жайында сөз қозғалды. Балаларға алғашқы адамзаттың металл балқыту технологиясын түсіндіріп, оқушылар өздері тәжірибе жасап көрді. Мектеп оқушылары металл өңдеу ісіне қызыға көңіл бөліп, аңдық стилде қалыптар құйды. Іс-шара барысында оқушылар сонымен бірге әр экспонаттарға байланысты ақпар алып, мұражай ұжымына алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »