МАХАББАТҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКТЕР

МАХАББАТҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКТЕР

1 шілдеде дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы «Мектепке жол-2019» басталды. Әлеуметтік акцияның басты мақсаты — көпбалалы, азқамсыздандырылған отбасыларының балаларына, сонымен қатар жетімдер мен ата-ананың қамқорынсыз қалған оқушыларға 2019-2020 оқу жылына әзірленуге көмек көрсету.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектеп (ресурстық орталық)» КММ-ң Республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысуы ізгілік пен жақсылыққа толы көпжылдық дәстүрге айналған. Биылғы жылы ХІІ республикалық акция «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!» девизімен 1 шілдеден бастау алып, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Тукбаева А.Б.: «Балаларды мектепке дайындау үшін демеу көрсету ісінде біздің кез-келгеніміз азаматтық белсенділігін таныта алады. Кез келген адам көмек қажет ететін балаға шынайы көңілін бөліп, қамқорлығын жасай отырып, оның мектепке барар жолын бақытты да қуанышты ете алады. Менің бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттар мен педагог әріптестеріме акцияға бірігіп, өмірдің қиын-қыстау жағдайында қалған балалар мен отбасыларға көмек көрсету ісіне өз үлестерін қосуға шақырған, сонымен бірге балалардың мектепке барар жолдарын табуға көмектесу туралы жасаған үндеуім үнемі өзінің ОҢТАЙЛЫ НӘТИЖЕСІН беруде. Бұл бақуатты қауымдастық үшін қалыпты жағдай».
Ақтоғай ауданының және Балқаш қаласының шағын және орта бизнес өкілдері, меценаттары, ата-аналар қауымдастығы қайырымдылық акциясына қосылып, іс жүзінде көмек қажет ететін отбасылар мен балаларға демеу көрсетуде өз үлестерін қосты. Демеушілік қаржыға Шашубай кенті мектебінің 129 оқушысына сыйлықтар сатып алынды. Бұл – бүкіл оқу жылына арналған оқу құрал-жабдығының толық топтамасы салынған рюкзактар. Бір топ энтузиаст педагогтер ата-аналар комитеті өкілдерімен біріге отырып, облыс әкімі Е.Ж.Қошанов сыйға тартқан мектеп автокөлігі — спринтермен Алматы қаласына жол тартып, балалардың барлық қажеттіліктерін сатып алды. 1 қыркүйек Білім күні барлық сыйлықтар шын жүректен балаларға сыйға тартылды. Балалардың қуанышы, ата-аналардан шексіз алғыстар мен жылы лебіздер — немқұрайлы болмаған барлық жандарға мейірім мен жақсылық болып қайта оралары анық.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Тукбаева А.Б.: «Өзімнің алғысымды өмірлік белсенді ұстанымдары үшін өзіміздің мектеп түлектері — «ЮСТАЛЬКОН» ЖШС бас директоры А.М. Барлановқа және нотариус Есекеева Жанарға айтқым келеді. Сол сияқты бизнес құрылымының өкілдері — «БалхашСнабПродукт» ЖШС директоры А.М.Калиевке, жеке кәсіпкерлер Е.Р. Фисюрге «Смартфон» бутигі, Т.А. Кадейкинаға «Саквояж» дүкені, А.В. Широчукке «CRISTALL» дүкені, И.Г. Сонға «Тройка» дүкені, М.В. Жарковқа «Скарлет» дүкені, Тисс С.И. және Литау В.А «Литис» ЖШС, С.В.Колтаковаға «Аурика» дүкені, Т.Аскароваға, А. Сыздыковаға «Алихан-Ломбард», Ш.Жаксыбековаға «Донер» кафесі, Р.К. Зкринаға тойхана “Шашу”.
Айрықша жағдай — тамыз айының соңына қарай мектепке жаңадан келген оқушылар арасында да көмекке зәру балалар болып шықты. Апалы-ағайындылар Моисеенко А.В. «ЭлкомБалхаш» ЖШС директоры мен жеке кәсіпкер Науман Анна «Всякая всячина» дүкені барлық 14 балаға көмектерін аямады. Осы отбасының отағасы мен отанасы, Балқаш қаласының құрметті азаматтары Моисеенко Виктор Геннадьевич пен Людмила Александровнаға осындай еліміздің абыройлы азаматтарын тәрбиелеп өсіргендері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл өмірдің заңдылығы – абыройлы әкеге лайықты ұл!
Ризалық лебізімді бірнеше жыл қатарынан осы қайырымды да ізігілікті іске өдерінің жеке үлестерін қосып келе жатқан әріптестерім — Шашубай кентінің мектебі мен «Балдәурен» балабақшасының, Ортадересін әскери бөлімінің «Балапан» балабақшасының педагогикалық ұжымына айтқым келеді. Біздің ұжымда бұл дәстүрге айналған — «Қайырымдылық жаса, өзіңе еселеніп оралар!»
Көмек көрсетуге әзір болған адамға Тағдырдың өзі де қайырымды болады. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қостыңыздар! Көмектеріңізге шексіз алғысымызды білдіріп, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, барлық игі бастамаларыңызға жетістік пен сәттілік тілейміз».
Егер біздің еңселі еліміздегі барлық ересек адамдары азаматтық қауымдастықтан әлеуметтік демеуді қажет ететін балаларға немқұрайлы болмаса, сабақтан қалушылардың саны азаяр еді. Демек, әр бала мектепке барар өз жолын тауып, білім беру деңгейі арта түсіп, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ықпал етері сөзсіз!
Тлеулина А.Б. әлеуметтік педагог
Шашубай кентінің
«МББК»ТМ(РО) » КММ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »