ЖАН ЖЫЛУЛЫҒЫ МЕН МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ!

ЖАН ЖЫЛУЛЫҒЫ МЕН МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ!

Бүгін біздің керемет жаңалығымыз бар! Біздің «Факел» лагерімізге Ақтоғай ауданыны әкімі Абеуова Салтанат Мрасыловна, Балқаш қаласының әкімі Таурбеков Ораз Кайсаевич, Қарағанды облысының білім басқармасының бастығы Имангалиев Есенгазы Нуртлеуович, «Сары-Қазына» ЖШС бас директоры , «Қоңырат» Корпаративтік Қоры басқармасының мүшесі Семенченко Павел Тимофеевич қонақ болды. «Арысь, біз біргеміз!» республикалық акциясы бойынша Қарағанды облысының әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлының бастамасына қолдау көрсету аясында қонақтарымыз Арыс қаласынан келген кішкентай демалушылармен кездесті.
Балалардың демалыс және тұрмыстық жағдайымен танысып өткен қонақтар скаладром, дала тренажерлері сияқты спорттық құрылғыларда, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарында, влосипед тебу паркі мен теннис және тоғызқұмалақ, шашкі мен шахмат ойнауға арналған үлкен шатырлар астында ойын мен жарыс қызуына берілген жас бүлдіршіндерді қызықтап өтті. Сонымен қатар қонақтар зияткерлік даму алаңдарында да болды, олар: робототехника, қолмен модельдеу, қолданбалы өнер зертханалары, кинозал, қазақ ұлттық этномәдениет зертханасы – он екі қанат киіз үй. Лагерьдің тату-тәтті отбасының барлығы жиналған би алаңында келген қонақтардың әрқайсысы балаларға тілектерін білдіре отырып, олардың осындай тамаша демалысы үшін шын жүректен қуанышты екендерін айтып өтті.
Есенгазы Нуртлеуович Қарағанды облысының әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлының атынан балаларға жазу-сызу құралдары салынған мектеп рюкзактарын табыс ете отырып, демалысты жақсы аяқтап, Арыс қаласына аман-есен жетуге тілектестігін білдірді. Сонымен қатар облысымыздың білім беру бастығы Қарағанды облысы Арыс қаласының 72 жеке үйі мен 519 пәтерінің жөндеу жұмыстарын еліміздің ең біріншілері қатарында аяқтағанын мәлімдеді. Қалпына келтіру жұмыстарына 400-ден астам қарағандылықтар атсалысты. Барлық жұмыстар тәмамдалды. «Балалар, сендерді үйде ата-аналарың мен әдемі үйлерің күтіп тұр, — деп облысымыздың бас педагогі балаларға сәттілік тілей отырып, Арыс қаласын қалпына келтіруде көмек көрсеткен қарағандылықтарды марапаттап өтті. Қарағанды облысының әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомствоаралық марапаттары мен алғыс хаттарын табыстады. Арыстықтар қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып, сол жердің басы-қастарында жүрген барлық дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге, құтқарушыларға, психологтерге, құрылысшыларға, әкімдік қызметкерлеріне, қалалар мен аудандардың әкімдері мен олардың орынбасарларына дән ризашылықтарын білдіруде. Алға қойылған барлық міндеттер орындалды. Сонымен қатар Қарағанды облысының тұрғындары мен кәсіпкерлері Арыс оқиғасынан зардап шеккендерге гуманитарлық және қаржылай көмектерін де аяған емес.

Салтанат Мрасыловна ағымдағы жылдың 5 тамызында Ақтоғай ауданының қауымдастығы мен атқарушы органдары, шашубайлық педагогтер арыстық балаларға «Факел» лагерінде ауданымыздың табиғаты керемет өлкесінде демалу мен сауықтырудың ерекше бір мүмкіндігін сыйлай алғанын атап өтті. Қазақстанның 100 киелі орындарының бірі болып табылатын Бектауата тау шатқалындағы осынау тамаша демалыстан естелік ретінде балаларға отрядтардың ұжымдық фотолары сыйға тартылды. Өз сөз кезегінде Ораз Кайсаевич облыс әкімінің бұл бастамасының маңыздылығына тоқтала кетіп, балаларға спорттық киім мен аяқ киім топтамасын тарту етті және осы қайырымдылық акциясына демеу көрсеткен «Сары қазына» ЖШС зор алғысын білдірді. Әрине, сыйлықтар алу — әрқашан қуанышты-ақ. Балалардың шаттығында шек жоқ – рахмет, рахмет, рахмет! Павел Тимофеевич балаларды келе жатқан жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, елдеріне амандықпен жетуге тілектестігін білдірді. Сонымен қатар балаларға өз елдерінің жетістікке жетер адал азаматтары болуды және ол үшін елімізде барлық жағдайлар жасалған атап өтті.
Бүгінгі акция – жай ғана әлеуметтік демеу емес, балаларға сыйланған зор қуаныш пен мейірім, ата-аналарға жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетілген үлкен көмек. Бұл ізгілікті істің дәстүрлі республикалық «Мектепке жол-2019» қайырымдылық акциясының шеңберінде «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ!» девизімен өткені де айтарлықтай жайт.
Бұл — біздің қазақстандық қоғамның ЖЕТІСТІК мерекесі. Бұл — үміт пен армандардың, бастамалар мен тілектердің мерекесі. Бұл — батылдық, табандылық және еңбекқорлық салтанат құрған мереке. Бұл ересектердің белсенді азаматтық ұстанымының мерекесі — ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ ҮШІН ӨМІРДІ ЖАҚСАРТУ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »