КЕЛ, БАЛАЛАР, КҮЛЕЙІК!

КЕЛ, БАЛАЛАР, КҮЛЕЙІК!
Арыстық кішкентай балақайлардың жан жадыратар жазғы демалыстары жалғасуда. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктерін тағы бір мереке толықтырды. Бүгін қала сыртындағы «Факел» лагерінде КҮЛКІ КҮНІ әзіл әрекеттерге, ерекше байқаулар мен қойылымдарға толы болды. Көңілді демалыс сәтінде балдырғандарға ерекше көңіл-күй сыйлаған қызықты кеште кіші топтар Сайқымазақ рөлінде болып, көрермендерді қыран-топан күлкіге толтырса, үлкендеу топтар әзіл-сықақ театр актерлерін сомдады. Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір демекші, балақайлар бүгін адам өміріндегі ең қызықты сәт – Күлкі әлеміне барып қайтқандай әсер алды. Жандарында жүрген достарының әп-сәтте құбылып, күлкілі кейіпкерлердің рөліне енгеніне шаттанғаны соншалық, оларға қарап үлкендер де еріксіз риясыз күлкіге берілді. Балалардың балдай күлкісі тәрбиешілер мен тәлімгерлерді қуанышқа бөледі. Біз үшін кішкентай демалушылардың алаңсыз күміс қоңыраудай сыңғырлаған күлкісі — еңбегіміздің өлшеусіз бағасы. КЕЛ, БАЛАЛАР, КҮЛЕЙІК! КӨҢІЛДІ БОП ЖҮРЕЙІК! КҮЛІП ӨМІР СҮРЕЙІК!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »