ҚЫРАН БОЛЫП САМҒАЙМЫЗ, ЖАРЫСТАН ЕШ ҚАЛМАЙМЫЗ!

ҚЫРАН БОЛЫП САМҒАЙМЫЗ,
ЖАРЫСТАН ЕШ ҚАЛМАЙМЫЗ!
«Факел» сауықтыру лагерінің ынтымағы жарасқан үлкен де тату-тәтті ұжымында спорттық жарыстардың алар орны ерекше. Бұл жарыстарда ептілік, шапшаңдық, төзімділік, дәлдік, тапқырлық, спорттық ой-өріс сынды тамаша қасиеттер дамиды. Осы орайда Арыс қаласынан келген кішкентай демалушыларымызға белсенді демалыс сыйлау, дене тәрбиесі және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Көңілді старт» эстафеталық спорттық сайысы өткізілді. Бірнеше кезеңнен тұратын бұл ойын барысында өзін-өзі бақылау арқылы балақайлар белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа ұмтылды. Шат-шадыман көңіл-күй сыйлаған қызықты та тартымды жарыста олар қаншалықты шымыр, шапшаң, мықты, шебер, зерек екендіктерін көрсете білді.
Кішкентай спортшыларымыз болашақта денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін ержүрек азамат пен азаматшалар болады деген сенімдеміз! Жеңісті күндерде кездескенше!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »