Администрация школы

Мектеп директоры
Тукбаева Айман Бекбулатовна  1992 жылдан бастап мектепті республиканың білім беру жүйесінің жаңару   жағдайына сай  көптеген инновациялық жобалар  авторы А.Б.Тукбаева   басқарады.   Жаңа   педагогикалық   технологияларды және   концептуалдық- методологиялық  негіздерді жете меңгерген білікті басшы   Айман   Бекболатқызы білім саласындағы табысты еңбегі және   шығармашылық үлестері үшін «ҚР білім беру ісінің  үздігі» белгісімен, «ҚР   білім беру ісінің құрметті қызметкері»  белгісімен, Қарағанды облысы   Әкімінің Құрмет грамотасымен, 2006 жылы Алматы қаласында өткен   «Қанатты әйел» атты идея және тауарлардың Республикалық Ұлттық Әйелдер жәрмеңкесіне қатысып, қоршаған ортаны қорғау Министірлігі және Президент жанындағы жанұя  және әйелдер ісін басқаратын Ұлттық комиссиясының арнайы дипломымен марапатталды. Мемлекеттік сипаттағы «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақстанның ең үздік 100 әйел-қайраткерлер қатарында оның портреті  алғашқы Президент мұражайынан орын алған.          Жаңашыл бастамалармен тың ізденіске өріс ашып, мұғалімдерге талап қоя білу, әрі олардың еңбектерін бағалау жолын ұстанған Айман Бекбулатовна ұстаздар қауымы арасында ерекше ықыласқа ие.  Мектепке келген күннен бастап оқу-тәрбие ісін жетілдіру, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай туғызу, мектептің материалдық базасын нығайтуды мақсат етіп қойған басшы игі бастамаларды ұжыммен бірлесе отырып ойдағыдай іске асырып келеді.          Тукбаева А.Б 2007 жылдан бастап Қарағанды облыстық маслихатының депутаты болып табылады. «НұрОтан» ХДП  мүшесі  және  маслихаттің депутаты ретінде   ауданымыз бойынша  көптеген  әлеуметтік -экономикалық, мәдени даму бағытындағы  көптеген шараларды жүзеге асыруда  белсене ат салысуда. Соның  ішінде  Шашубай кентіндегі балабақша,  Ортадересін,  Тораңғылық, Тасарал  ауылындағы шағын  орталықтардың  ашылуы, аймақтағы  басқа да  әлеуметтік нысындарды  жетілдіру  және материалдық – техникалық  базасын  нығайтуға  үлкен үлесін қосты.          2009 жылы Тукбаева А.Б. библиографиялық  мақаласы «Қазақстанның ең үздік ұлдары мен қыздары»  республикалық  энциклопедиясына енді.

Оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

Ахнаева Алмагуль Рымтайкызы инновациалық білім беру және оқу бағдарламаларын жасау методологиясын жан-жақты меңгерген, жаңашыл да ізденімпаз, шығармашылық потенциалы жоғары педагог.

Ұстаз мамандығы үздіксіз ізденісті талап етеді, сондықтан мектеп  мұғалімдері өз тәжірибелерін бөлісіп қана қоймай, облыс, республика көлеміндегі ғылыми-практикалық семинар- конференцияларға қатысып, соның нәтижесінде мектептің ғылыми- әдістемелік қоры үнемі жаңарып, толықтырылып отырады.

2004-2008 жж. Қазақстан Германия арасындағы халықаралық жастар алмасу бағыты бойынша өткен жобаға басшылық етті. Сонымен қатар білім дамытудағы Орталық Азия конгресіне, «Қазақстандағы  неміс  тілінің  бүгінгісі  мен келешегі » атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына қатысты. Облыс, аудан  әкімі  және  білім  бөлімдерінің  Грамотасымен  марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »